23.08.2021
162
Боранбай қайтыс болғанда айтқаны
Бір жылы мынадай оқиға болған екен. Бір ауылдың Боранбай деген байы қайтыс болады. Бұған туысқандары келіп, көрісіп жатады. Сонда Мауқайдың былай шыға бере:
— Көшкенде қойыңды айдаушы едің,
Жолыңда жуа көрінсе.
Сары қозыдай шайнаушы ең,
Ер тоқымың бір құшақ,
Үзеңгі-бауың көп бұршақ, — деп айтқанда елдің бәрі ду күлген екен.