23.08.2021
166
Бәйбішесінің жасы
Елуді еңсерген Шима бәйбіше өзгелердің өзін жас деуін ұнатады екен. Бір реткі қонақасында ол қызықшы Әшім Мырзадан:
— Әшім мырза, сізше мен қанша жастамын? — деп сұрапты.
Әшім мырза Шима бәйбішенің тұрқына көз жіберіп:
— Шашыңызға қарасам, он алты жас, тісіңізге қарасам, он сегіз жас, бой тұрқыңызға қарасам, жиырма жаста сияқты көрінесіз, — депті. Мұны естіген Шима бәйбіше қуанышы қойнына симай дауысын көтере:
— Айналайын, Әшім мырза, сіз не қылған білгір едіңіз, — депті. Осы сәт Әшім мырза тағы:
— Бәйбіше, мен сөзімді айтып болайын... бері қараңыз, сіздің жас мөлшеріңіз жиырма қосу он сегіз, қосу он алты болғанда елу төрт жас болады! — депті.