Бәйбішем ала ұмтылғанда, бұл шымшуыр он кез ұзарып кетеді
Бір күні Қожа базарға барса, біреу бір жай қылышты үш мың теңгеге саудалап отырса керек. Қожа қылышты қолына алып, ары қарап, бері қарап, иесі неге үш мың теңге сұрап отырғанын еш түсіне алмайды. Ақыры маңайындағы адамдардан:
— Бұ неткен қылыш? — деп сұрастырады. Олар бұл қылыш- тың жауға сілтегенде, бес кез ұзарып кететінін айтады.
Келесі күні Қожа өзінің үйіндегі шымшуырын базарға апарып:
— Шымшуырым үш мың теңге тұрады, — деп жар салады.
Жұрт келіп шымшуырды қолына ұстап, аударып, төңкеріп қарап, пәлендей қасиетін таппаған соң, Қожаның өзінен сұрайды.
— Қожа, салған жерден үш мың сұрағандай, шымшуырыңның не қасиеті бар?
Сонда Қожа:
— Күні кеше жауға сілтегенде, бес кез ұзарып кететін қайқы қылышты үш мың теңгеге саудалағанын өздерің көрдіңдер. Ал менің бәйбішем ашуланып, маған ала ұмтылғанда, бұл шымшуыр он кез ұзарып кетеді, — депті.