23.08.2021
  166


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бата оққа қалқан бола ала ма?

Ертеде аңқау елге арамза молда болған, ел арасында өзінше «абыройға» ие болған бір жалған әулие бар екен. Жұрт одан бата алып кетіп жүреді екен. Әлгі әулиеге бір күні жауырыны қақпақтай, маңдайы жарты қарыс, кең кеуделі, ер мұрынды, батыр тұлғалы бір жігіт келеді. Жаугершілік заман екен, жігіт «әулиеден» бата сұрай келген екен. Қоржынының екі басын шымши тіккен дүние екен, онысын бәйбішенің алдына тастай береді.


— Қолымда найза, белімде семсер, жалғыз өзім қалың жауды қуғалы бара жатырмын. Жауым көп, әрі қарулы. Өлмейтін, атса оқ, салса найза дарымайтын етіп бата беріңіз,—дейді жігіт.


«Әулие» жағдайды түсіне қалады да, ернін күбірлетіп, ішінен ұзақ сөйлеп, бата береді.


— Әмин, — деп екі алақанымен бетін сыйпайды, — енді өлмейсің. Жолың болсын! — дейді.


Жігіт көп кідірместен жол жүріп кетеді. Сонда әлгі әулиенің баласы тұрып әкесінен:


— Әке, бата оққа қалай қалқан бола алады, өлтірмес бата бола ма?—деп сұрағанда, әкесі:


— Ей, шырағым-ай, өлсе өледі де қалады. Бата беріп ең ғой деп ол менімен дауласады деймісің. Өлмей тірі жүрсе, сол әулиенің батасымен тірі жүрмін дейді ғой, — деген екен.





Пікір жазу