23.08.2021
225
Балшы
Баяғыда ел қыдырып, бал ашып жүретін біреу жолаушылап келе жатып, қарсы ұшыраған біреуден жол сұрайды.
— Белгілі балшысың. Біреудің жоғын тауып бересің. Жүрерде бал ашып, жолыңды біліп алмадың ба? — дейді қарсы ұшыраған кісі.
— Жүрерде бал ашқан едім. Ол қарсы ұшыраған адамнан сұрап білесің деген еді, — дейді балшы.