23.08.2021
  237


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бала әкеден кем туа ма?

Бірде Мақаш өзі аса бағалайтын Әтембек биді сынамақшы болып әдейі сұрап, былай дейді:


— Әтембек, осы бала әкеден сынық сүйем кем туады дейді. Сол өтірік-ау, менің әкем Шолтыр сауатсыз, ауыл арасынан ұзап шықпаған адам еді. Ал мен оқыдым, ел басқарған әкіммін.


— Е, бала әкеден кем туа ма, артық туа ма, кім білген?! Менің білетінім әкең Шолтыр өз әкесі Бекмұханбет өлгенде күмбездеп мола салып, перзенттік парызын өтеген еді. Ал сен әкең Шолтырға дұрыс бейіт те тұрғызбадың, — деген екен.





Пікір жазу