23.08.2021
162
Бал жүректі ауыртады
Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді. Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгермейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына:
— Бал жей отыр, — дейді.
Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды екен деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай:
— Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады, — дейді.
Танысы сараңның ниетін түсініп:
— Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауырт пайды! — депті.