23.08.2021
  197


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Байдың Көрдік деген қызы

Бірде Қожанасыр байдың үйіне барыпты. Бай ары отырады, бері отырады, болмаған соң бай бәйбішесіне ет астырады. Байдың Көрдік деген қызы піскен етті дастарқанға енді әкеліп қоя бергенде, шырақ өшіп қалады. Күнімен аш жүрген Қожанасыр қараңғыны пайдаланып, еттен бір-екі асап қалыпты. Бай Көрдік деген қызына айқайлап:


— Көрдік! Көрдік! Шам алып кел! — депті.


Сонда Қожанасыр өзінен сезіктеніп:


— Көрсең көре бер, алғаным екі-ақ асам, — депті.





Пікір жазу