23.08.2021
  171


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әуппай (ІІ нұсқа)

Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-ашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: «Әуппай, әуппай», — деп жұбатып тұрады. Сонда қолынан келер қауқары, жәрдем берер халі жоқ күйші:


Айналайын балам-ай,
Жас балаңа алаңдай,
Аш болсаң да, ойыңда
Аман сақтау балаңды-ай, —


деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй тілімен сөйлеткен екен.





Пікір жазу