23.08.2021
199
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Арман
Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, суға түсіпті.
— Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,— деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.
— Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда не қылып жүрсің?— десе, Қожанасыр:
— Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар,— деп, балықшылардың өзіне байбалам салыпты.