23.08.2021
  127


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Арба соққан

Осы кезде өздерінің жоғалған бір бөлек аттарының іздері Бөкейге қарай кеткені үшін, баяғы шыққан қызылқұрттың ұрылары алған болуы керек деп, елдің қазақ әскерлерінің жіберген қарулы отряды қызылқұрттың көп жылқысын қуып кетеді. Ондай бұзақылыққа шыдай алмаған Құрманғазы інісі Байғазы және басқа жеті-сегіз кісіні алып, Гилинин мешітінің азаншысы болып тұрған бұрынғы қазақ-орыс Сейтқұловтардың тоғыз жылқысын қуып кетеді. Бұл жөнінде Сотник Черноморсков рапорт түсіріп, Құрманғазының істері шекаралық комиссия уақытша совет және Орынбор генерал-губернаторлығының араларында жүреді. Бұл 1857 жылы болатын. Бірақ архивтік деректердің бірінде, бұл іс сол кездегі Орынбор генарал-губернаторы Перовскийдің бұйрығы бойынша қысқарады.


Ауызша деректер бойынша, Құрманғазыны осы сапарда тағы ұстап, айдап Орынбор түрмесіне салады. Жолда кетіп бара жатып Құрманғазы «Арба соққан» деген тағы бір күй шығарады. Бұл күйде сырттай аты «Арба соққан» болғанымен, онда арбаның салдыры, ат тұяғының тасырлы, дауысы, талған куердің дыбысын бермейді. Мұнда күндіз-түні ағаш арбаның үстінде шаршап, езіліп, еріксіз елінен айырылып, тағы айдауға кетіп бара жатқан адамның жан дүниесінің ауыр жайы бар.





Пікір жазу