23.08.2021
  163


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аңғармай сөйлесең

Бір қария қымызға қанып, үренің астында қарнын сипап жатып ұйықтап қалыпты. Оянғанда шидің арасынан қарнына түскен күннің сәулесін көріп сасқалақтап бәйбешесіне:


— Кемпір, кемпір, мен алапес болып қалыппын, тез келші! — деп дауыстап орнынан қарғып тұрыпты. Кемпірі келіп қарнын көріп:


— Осы сенің аузыңның жаманы-ау, ештеңе де жоқ қой, — депті кейіп. Шалы қайтадан орнына жата қалып:


— Мінекей, тағы алапес болдым, — депті.





Пікір жазу