23.08.2021
166
Ана жақта да қырынып жатыр ма?
Бір күні сақал-мұртын бастырмақ болған Әпенді шалағай шаштаразға тап болады. Ананың ұстарамен арлы-берлі кескілегені сонша — Қожанасыр ойбай салуға шақ отырады, тек көзінен жасы сорғалап, басы айналып барады. Кенет ол көшеден бір айғай-шуды естіп, не болғанын шаштараздан сұрайды.
— Е, мына жерде ұста атты тағалап жатыр, — дейді ол.
— Ә-ә, — депті сонда Қожанасыр, — ол жақта да біреудің сақал-мұртын алып жатыр ма деп ойлап едім.