23.08.2021
153
Ақсақ қойдың батасы
Қайса бір жас отауға келіпті. Бір шайдан кейін отау иесі сыртқа шығып: «енді қайттік, соя қоятын малдың жөні жоқ, ана ақсақ қойды сойып берейін» деп шүйіркелесіпті де, қойдың артқы аяғын қалқалап тұрып «аумин» деп бата сұрапты, сонда Қайса:
— Мынау өзі ақ қой,
Артқы аяғы жоқ қой.
Ертең тағы қонақ бар,
Жарты етін оған ап қой, —
деген екен.