23.08.2021
  178


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айнам қалды (ІІ нұсқа)

Өткен ғасырда, Батыс Қазақстандағы төрелердің ауылында елге қадірлі, шебер домбырашы атанған Ханым деген қыз болыпты. Сол ауылда Ханымның жасынан сүйген Оспан атты жігіті бар екен. Оспан сіңірі шыққан кедей болады.


Бір ауылда жүрсе де, бұл екі жас ата заңынан аттап, бір-бірі не қосыла алмайды. Сөйтіп жүргенде Ханымды бір байдың баласына ұзатады. Оспан болса, елдегі бір кедейдің қызына үйленеді. Жалшылықта жүрген Оспан Орынбор, ойыл жәрмеңкелеріне байдың малын айдап жиі барады екен. Сондай сапарларының бірінде Оспан орынбордан Ханымға арнап ескерткіш ретінде бір әдемі айна әкеліп, көзімдей көріп жүр деп сыйға тартыпты. Арада бірнеше жыл өтіп, Ханым елде қалған Оспанды ойлап, есіне түсіру үшін айнаға қарайын десе, айна жоқ болып шығады. Сонда Ханым домбырасын алып, «Көшкен жұртта айнам қалды» деп күй тартыпты. Сөйтіп, халық арасында Ханымның бұл күйі «Айнам қалды» атанып кеткен.





Пікір жазу