23.08.2021
176
Адасып кетем бе деп қорқам
Біреу Қожадан:
— Қожеке, айтшы, көкте қанша жұлдыз бар? — деп сұраса керек.
Сонда Қожа әрі ойланып, бері ойланып:
— Құдай біледі, осы өзімді де көптен бері ойландырып жүрген іс. Бірақ тындыруға бір сәті түспей жүр. Жұлдыздарды жерде тұрып санап болмайды, ол аспанға шығудың бір орайы келмей-ақ қойды, күндіз қолым тимейді, түнде қараңғыда адасып кетем бе деп деп қорқам, — депті.