23.08.2021
194

Адам баспайтын жер
Молда шашын алдырмақ болып, сәлдесін шаруаға беріпті:
— Осыны адам баспайтын жерге апарып қой!
Шаруа сәлдені апарып, иттің тезегі үстіне қояды.
Молда:
— Оның қалай? — деп ашуланыпты.
— Е, тақсыр, өзіңіз адам баспайтын жерге қой деген жоқсыз ба? — депті.