23.08.2021
215

Ағамның көңілін аулап...
Қожанасыр бір күні сабаққа келмей қалады. Ертеңіне оқытушысы Қожекеңді сұраққа алады.
— Кеше мектепке неге келмедің?
— Іс болып қалды.
— Қандай іс?
— Ағам тісін суыртқалы дәрігерге барған еді, қасында болдым.
— Тіс суыртқан ағаң екен, сен неге бардың?
— Тісін суырып ауыртып жатқанда, есік алдында бақырып, ағамның көңілін аулап тұрдым, — депті Қожа.