22.08.2021
  502


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жарамазан

— Айтамын жарамазан, жарамазан,
Бәлеге дәл болады ертең азан.
Отыз күн оразаға бір мал сойсаң,
Алдыңнан шауып шығар ишан мазан.
Айтамын жарамазан, жан алдияр,
Пайғамбар алпыс екі, төрт шадияр.
Кей жаман оразаны жек көреді,
Атасы оразаның Мамадияр.
Мінгені Пайғамбардың інген дейді,
Інгенге екеуара мінген дейді.
Інгенге екеуара мініп алып,
Бейіштің ортасымен жүрген дейді.
Мінгені Пайғамбардың мәмбіл қасқа,
Шабады шамырқанып қара тасқа.
Шапқанда шамырқанып қара тасқа,
Болады қара тасың алты басқа.
Мінгені Пайғамбардың есек дейді,
Қолында жұдырықтай кесек дейді.
Қылмысын бұл дүниеде жақпағанның,
Барғанда ана жайда есептейді.





Пікір жазу