22.08.2021
  151


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сәулем

Сәулеме айттым сәлем сен зерек деп,
Өзіңнің топтан орның бір бөлек деп.
Көйлектің ақ атлас жиегін тістеп,
Алдымнан шықсаң, сәулем, көлбелектеп.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.

Ай, сәулем, өзіңнен де сөзің керек,
Ақылға жас күніңнен болдың зерек.
Құнанның қара жорға төбеліндей,
Көзіңнен айналайын дөп-дөңгелек.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.





Пікір жазу