meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  22.08.2021
  239


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сәлем

Ғизлату құрбым, сізге бізден сәлем,
Арада жетер ме екен тартқан кәләм.
Бағыңа біз бір туған бала бұлбұл,
Таранып жан-жағыңа енді қаран.

Қайырмасы:
Бір түнгі мәжілісіңде бірде болмай,
Қапалы көңіл шіркін, уа, шіркін, болады алаң.

Мұхтарым аман ба екен, жан мейірбан,
Тістерің, ернің ләгүн інжу-маржан.
Садаптың жаңа порым жауһазындай,
Аузыңнан шыққан сөзің дертке дәрмен.

Қайырмасы:
Бір түнгі мәжілісіңде бірде болмай,
Қапалы көңіл шіркін, уа, шіркін, болады алаң





Пікір жазу