22.08.2021
  158


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Салдың өлеңі

Дегенге қара сырық, қара сырық, ау,
Мінемін қаракерді таң асырып, ай, ей, а-и, е-и-ау!
Түскенде, сен есіме қалқатайым-ау,
Төсекте жата алмаймын аласұрып, ай, ей, а-и, е-и-ау.

Қайырмасы:
Түскенде, сен есіме қарағым-ай,ей, а-и, е-и-ау!
Марпуға, төсекте-ай, жата алмаймын, ей, аласұрып, а-и, е-и-ау.

Қонғаны ауылымның-ай, қалың қамыс,
Барамын қызды ауылға болса да алыс-ай.
Сабылтып, қызды ауылда жүргенімде,
Бір қызбен қоймай жүріп болдым таныс-ай.





Пікір жазу