22.08.2021
  120


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Рахимаш

Басында қара таудың қарай жаттым,
Беліме қара шашым, дариғау, орай жаттым.
Түскенде сен есіме, қарағым-ай,
Аулыңды өткен кезде, дариғау, сұрай жаттым.

Басынан қара таудың мұнар кетпес,
Түлкіге қиядағы құсым жетпес.
Сыртынан аулыңның аттандырып,
Дегенің «хош қалқатай», дариға-ау, естен кетпес





Пікір жазу