22.08.2021
  274


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Мәдине, бөлем-ай

Ақ түлкісі Жайықтың аралдағы,
Сен бір шыққан алдымнан марал дағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.

Ажарыңды көрдім де, қақтым қанат,
Ақиықша шарықтап Оралдағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.

Мен ақиық Оралдың шыңындағы,
Қызыл түлкі сен, сәулем, қырындағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.

Ал қызыл гүл асыл зат сылаң етіп,
Алдымнан шық майысып бұралдағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.





Пікір жазу