22.08.2021
  173


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Марқакөл

Салғаным дарияға желкен қайық,
Болғанда сіз бір лашын, біз бидайық.
Іздеген сұрағанға тура келді,
Құлын-тайдай айқасып бір ойнайық.

Қайырмасы:
Ей!
Алқакөл, қайран Алтай,
Марқакөл, Марқакөлім-ау, дариға-ай!

Қарағым, сен дегенде қан жұтамын,
Қайбірін қылығыңның ұмытамын.
Түскенде сен есіме, асыл еркем,
Бауырды сазға басып суытамын.

Қайырмасы:
Ей!
Алқакөл, қайран Алтай,
Марқакөл, Марқакөлім-ау, дариға-ай!





Пікір жазу