22.08.2021
  158


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Құрбым-жай

Дүниенің ойнап-күл жарығында,
Жан қартаяр көңілдің жарымында-ай.
Толғаннан соң туған ай, о да қайтар,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.

Қайырмасы:
Ахау, құрбым-жай, ахау, құрбым-жай,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.

Бұл дүние білгенге кезек екен,
Жаман, оны қанша айтсаң, сезе ме екен?
Әлденеге жаманның қолы жетсе,
Туыстан да, достан да безеді екен.

Қайырмасы:
Ахау, құрбым-жай, ахау, құрбым-жай,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.

Ойлап тұрсам дүние терең теңіз,
Жамандық пен жақсылық болады егіз.
Аяғыңды басқайсың аңдап-аңдап,
Досың екеу болғанда, дұшпан сегіз.





Пікір жазу