meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  22.08.2021
  276


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Құрбылар

Ашылып бұлақ көзі, ақты қайнап,
Жерімнің түрі кілем жатыр жайнап.

Қайырмасы:
Күн туады күлімдеп,
Әнге басар құрбылар.
«Елін сүйген күнім» деп,
Құрбыларым құлпырар.

Адамзат еркін өмір құшағында,
Шешіле шаттық әнін шертем сайрап.

Қайырмасы:
Күн туады күлімдеп,
Әнге басар құрбылар.
«Елін сүйген күнім» деп,
Құрбыларым құлпырар.





Пікір жазу