22.08.2021
  126


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қуатжан

Жақсының өзі жалғыз, ақылы егіз,
Дос екеу болған күнде, дұшпан сегіз,
Қуатжан!
Осындай қатар құрбым кез келгенде,
Сөйлемей босқа қарап тұрған неміз,
Қуатжан.

Жасым бар жиырмада, жылым—тауық,
Барады өмір өтіп, аттай шауып-ай.
Барында тіршіліктің шалқақтайық,
Қаларсың өлген күні жерді қауып.





Пікір жазу