22.08.2021
315
Қос өрік
Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды,
Шын достар бірін-бірі алдамайды.
Тас төсек, ұйқың келсе, болар мамық,
Ғашықтық сұлулықты талғамайды.
Қайырмасы:
Жан қалтамда қос өрік,
Сәулем, саған мен серік.
Сәулем еске түскенде,
Жүре алмаймын теңселіп.
Ахай, сәулем, жүр үйге-ай,
Иги, сәулем-ай, жүр үйге-ай!