22.08.2021
  226


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қос балапан

Ей!
Шұбартаудың басында қос балапан,
Сол таудан дария тасып су тараған.
Көркем жігіт, әсем қыз—бәрі сонда,
Япыр-ау, неге келдім сол арадан.

Қайырмасы:
Ахахау-ай, ей, е-е-ей!
Халиләләу, халиләләу,
Лилиләй, халәләләй,
Лиләли, лиләли, ай!

Шұбартаудың басында қара қойын,
Сағындым жан сәулемнің думан тойын.
Айрылғаным бір минут ауыр еді,
Алыстан жайлап кеттім Сырдың бойын.

Қайырмасы:
Ахахау-ай, ей, е-е-ей!
Халиләләу, халиләләу,
Лилиләй, халәләләй,
Лиләли, лиләли, ай!





Пікір жазу