meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  22.08.2021
  243


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр қаз-үйрек

Өлеңді қиыстырып әнге парлас,
Сөз болса қанағатсыз, құлақ салмас, ах-уай.
Өлеңді өрнегімен қиыстырып,
Сөзінде айтушының жылу болмас, ах-уай.

Қайырмасы:
Қоңыр қаз-үйрек,
Қанатын сүйреп.
Ей, қалқа, өлең айтсаң,
«Өй»,—деп, «бүй»,—деп, ах-уай.

Білмесе, өлең деген сөзден қиын,
Шығады қиыстырған сөзден түйін.
Қара сөз қанаты жоқ сылдырласа,
Есепке алынбаса, о-да қиын.

Қайырмасы:
Қоңыр қаз-үйрек,
Қанатын сүйреп.
Ей, қалқа, өлең айтсаң,
«Өй»,—деп, «бүй»,—деп, ах-уай.





Пікір жазу