22.08.2021
159

Қоңыр жел
Ей! Жігіт, бол майда болсаң тал жібектей,
Пайда жоқ қатты болсаң тікенектей.
Я батыр, я балуан болсаң дағы,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Қайырмасы:
Халила-лай, әгей, ә-а-ай,
Игеге-ай, а-и-и-гей, и де-ай-а-ай.
Өнерге, білім білсең, жеткізеді,
Дариядан кеме-қайық өткізеді.
Жақсымен ғұмыр-ғалам жолдас болсаң,
Бойыңа бір қасиет біткізеді.