meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  22.08.2021
  181


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр жай (2 нұсқа)

Қызды ауылды көрдің бе қиядағы,
Қыздан көңіл қалған жоқ сірә дағы.
Бәрінен де сен сұлу көрінесің,
Баласындай сұңқардың ұядағы.

Өлең шіркін келмейді жылдағыдай,
Мойның сұлу мылтықтың құндағындай.
Бәрінен де сен сұлу көрінесің,
Алтындаған күмістің жұрнағындай.





Пікір жазу