22.08.2021
  125


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр

Ән шықты біздің елде «Жаймақоңыр»,
Бешпет кидім қынама жалған өңір, жалған өңір-ай.
Жігіттер, ойна да күл, ойла да біл,
Жуық дейді алдында қалған өмір, қалған өмір-ай.

Қайырмасы:
Әй, дәри, дәридәй,
Дәри, дәри, дәридәй.
Дәри, дәри, дәй, дәй,
Дәри, дәри, дәри,
Алдыңда жуық дейді қалған өмір, қалған өмір-ай.

Жігітке берер пайда қылған кәсіп,
Адалдықпен,жігіттер, етсең нәсіп.
Осындай мәжілісте сөз сөйлесем,
Сол мәжілісте қаламын көңіл өсіп.





Пікір жазу