22.08.2021
193
Қоғалы көл (2 нұсқа)
Ауылдың қонған жері-ау Қоғалы көл,
Қоңыр қой, қозысы өлмес-ау, болады төл.
Дөңіне Қоғалының-ау, шыға келсем,
Алдымнан қоңыр-салқын, ай, соғады жел.
Жігітке жиырма бесте шалқып тасқан,
Жар қайда сұлулығы жаннан асқан.
Болғанда жадыра жаз, жайнаған гүл,
Қыз басқа, жігіт бұлбұл әнге қосқан.
Қайырмасы:
Ай-а, ай-а, ай-ай,
Ай-а, ай-а, ай-а-ай.