22.08.2021
  221


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоғалы көл (1 нұсқа)

Ауылың қонған жері-ау қоғалы көл,
Қоңыр қой, қозысы өлсе, болады тел-ай.
Дөңіне-ау Қоғалының шыға келсем,
Алдымнан қоңыр салқын соғады жел-ай-ау.

Қайырмасы:
Сәулем-ай, қарғам-ай,
Қоңыр салқын соғады жел-ай-ау.

Барады аулым көшіп Қауланкөлге,
Жетемін қашан көшіп таудағы елге.
Көргенше қайта айналып кім бар, кім жоқ,
Қол қысып, қош айтайын бұраң белге.

Қайырмасы:
Сәулем-ай, қарғам-ай,
Қоңыр салқын соғады жел-ай-ау.





Пікір жазу