22.08.2021
  151


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоғажай

Бозбалаға ылайық ойнап-күлмек-ай,
Үйлесімді заманның жөнін білмек-ау.
Қоғажай,
Осынау әнім жанға жай.

Социалды түрленген дәуірінде-ай,
Ілгері аттап білім ал, құлаш сермеп-ау.
Қоғажай,
Осынау әнім жанға жай.

Айдап жүрмін колхоздың арбасын-ай,
Бригадир қоя ма бармасыңа-ай.
Тастай сал да арбаны бізбен жүргін,
Күн көрейік екеуміз жалғасып-ай.





Пікір жазу