22.08.2021
108
Қаршыға
Қаршығам қаз ал десем, қаз алмайды,
Ежелден кекті дұшпан тазармайды.
Болғанда қыз саудегер, жігіт базар,
Олар да бірін-бірі базарлайды-ай.
Қараймын қарайғанға бұта ма деп,
Асықты ойнамаймын ұта ма деп.
Бұралған тал шыбықтай тал бойымды,
Қорқамын сұм қара жер жұта ма деп-ай!