22.08.2021
126

Қарқаралы
Ау!
Қарқаралы басында түсер сағым,
Сағынғанда қайда едің, ай,
Сағынғанда қайда едің, сәуле жаным.
Ау!
Кәмшат бөрік басында, кәмар белбеу,
Сенің сылқым болғаның-ай,
Сенің сылқым б
олғаның менің бағым.
Қайырмасы:
Әсем қала Қарқаралы,
Жаңа өмір көңілге жай,
Жаңа өмір көңілге нұр қалады.
Қарқаралы басынан тал кескенім,
Құлын-тайдай, айқасып, бірге өскенмін.
Қайтсем сені ұмытам, жан қалқатай,
Кәмпит қосып аузыңнан бал жескенмін.
Қайырмасы:
Әсем қала Қарқаралы,
Жаңа өмір көңілге жай,
Жаңа өмір көңілге нұр қалады.