22.08.2021
174
Қарғам-ау (2 нұсқа)
Қарғам-ау, ырыйзамын сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау, қарға, аман өтсең,
Сен үшін сонау жерден келдім іздеп,
Өзің біл ғашығыңды, қарға, зар еңіретсең.
Қайырмасы:
А-га-га-га-гәй, у-га-га-да, рай-ай.
О-а, ей-у-ай, о-ой-ра-у-ай.
Қарғам-ау, ырыйзамын сертке жетсең,
Құриды ынтызарым, қарға, сен дегенде.
Аршын төс, алма мойын, қарағым-ай,
Бал татыр сілекейің, қарға, шөлдегенде.
Қайырмасы:
А-га-га-га-гәй, у-га-га-да, рай-ай.
О-а, ей-у-ай, о-ой-ра-у-ай.