22.08.2021
  129


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қарғалы

Басынан Қарғалының ел айрылған,
Қаршығам қазға салған тез айрылған.
Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,
Елінен өлі айрылмай, тірі айрылған.

Есіктің алды тоғайлы, қарағайлы,
Кесуге жас қарағай жарамайды.
Жасынан қыз сорлыны малға сатып,
Қыздарды жұрт балаға санамайды.





Пікір жазу