22.08.2021
  189


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қарақ-ай (1 нұсқа)

Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,
Аққудың балапаны секілдім-ау, қарақ-ай.
Алтынның қолда барда қадірі жоқ,
Кеткен соң қолдан шығып өкіндім-ау, қарақ-ай.

Ауылың қонған жері боз бетеге,
Бір үйде бес қыз болса, тон жете ме.
Расымен көңіліңді берсең маған,
Жүрерсің мені көрсең қол көтере.





Пікір жазу