22.08.2021
176
Қара қаншық (1930 жылдары айтуға тыйым салынған ән)
Қоянды шалмай алар қара қаншық,
Сұңқарға жем тілеген болар талшық.
Жігітке нелер кетіп, нелер кетпес,
Сыртым су болып жүрмін, баурым балшық.
Дүние өте шығар Құдай барлап,
Кетпейді өтер күнде, сірә, жарлап.
Кешегі қара қаншық бар шағында,
Уайымсыз жүруші едім аңымды аулап.
Ой-ай, уоу, ей
Аңымды аулап.