21.08.2021
  150


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кідігай (4 нұсқа)

Әй!
Тыңдасаң жақсы күйді—құлақ құрышы,
Қалың төсек, тәтті ұйқы—жанның тынышы.
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент жігітке—дәулет құсы.

Қайырмасы:
Ей, кідігәй, қыздар-ай, шіркін-ай,
О! Уай, кеу, кідігәй.
Тәжікем, ә-ку дәу-ку дә-рі-ді-дім.

Әй! Салам қаршығамды қырғауылға,
Қырғауыл ілдірмейді, күн дауылда.
Аяғым қадам бассам, сөзге ілігем,
Жүремін қайтып бармай қызды ауылға.

Қайырмасы:
Ей, кідігәй, қыздар-ай, шіркін-ай,
О! Уай, кеу, кідігәй.
Тәжікем, ә-ку дәу-ку дә-рі-ді-дім.





Пікір жазу