21.08.2021
  112


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кідігай (3 нұсқа)

Кідігайға кім салар мен тұрғанда,
Бір-екі ауыз аузымда жел тұрғанда.
Қызды ауылдың сыртынан кідігайлап,
Құйысқаным сарт етер ұмтылғанда.

Қайырмасы:
Ей! Кідігай, кідігай, у-ай, шіркін-ай,
Ахау кідігай, а-хау ләйлім уа.
Шіркін, ай-ай, ау-ай!

Тойлау базар, той базар тойлай келдім,
Алтын сақа қолға алып ойнай келдім.
Жолдасым жоқ бұл тойда, танысым да,
Айтсам ба деп өзіңе ойлай келдім.

Қайырмасы:
Ей! Кідігай, кідігай, у-ай, шіркін-ай,
Ахау кідігай, а-хау ләйлім уа.
Шіркін, ай-ай, ау-ай!





Пікір жазу