21.08.2021
  119


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кідігай (2 нұсқа)

Атымды анам сүйіп қойған Сусар,
Көп жылқы көкалалы көлде жусар.

Қайырмасы:
Угагай-гай, кідігай.

Біреудің әлпештеген баласы едім,
Білмеймін қандай жанға болам душар.

Қайырмасы:
Угагай-гай, кідігай.

Әпсер бар, Әпсер барсаң, Қызылжар бар,
Өзім сал, өзім сылқым мен кімге зар.

Қайырмасы:
Угагай-гай, кідігай.

Біреудің әлпештеген баласымын,
Көлеңкемнен аулақ кет, менде нең бар.

Қайырмасы:
Угагай-гай, кідігай.





Пікір жазу