meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.08.2021
  181


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Күнім-ай (1 нұсқа)

Көзіме көріндің де кетіп қалдың-ай,
Қадірі болмайды екен қолда бардың-ай, е, ей, қолда бардың-ай.
Аптадай болмай жатып сағынғаннан-ай,
Өлеңмен атыңды атап әнге салдым-ай, е, ей, әнге салдым-ай.

Сағындым жаным сені бір күн болмай,
Жолыңа көп қарадым шыдай алмай.
Кетіппін, жаным, саған қатты үйреніп,
Көңілім басылмады бір жыламай.





Пікір жазу