21.08.2021
  113


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Күлән

Бауырында тасты өзектің ін бар ма екен,
Бойыңда жан әкемнің мін бар ма екен.
Жылаймын күні-түні сағынғаннан,
Көретін сүйгенімді күн бар ма екен?

Жағасы жел соққанның ойдым-ойдым,
Ағатай, ойлаудан мен қашан тойдым.
Бұлғақтап алтын шоқтай жүрген басым,
Қор қылып мына шалға неге қойдың.





Пікір жазу