21.08.2021
146

Көкжар
Дәм татайық бұйырса-ей, шай қайнаса,
Бойы қызар жүйріктің айғайласа.
Тіршіліктің барында күл де ойна,
Не болады ер жігіт қайғы ойласа.
Дәйім менің мінгенім құла мойын,
Қыз-бозбала сылайды тұла бойын.
Сауық құрып, сайран сап, ән шырқайды,
Жігіт-желең жиылып, салып ойын.