21.08.2021
  338


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Көк көйлек

Көк көйлек көлеңдейді кең болған соң,
Ойнайды екі асыл зат тең болған соң.
Сырымды саған айтпай кімге айтайын,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.

Көк көйлек көлеңдейді көз алдымда,
Білемін басқаға емес өз алдымда.
Міндім де атымды ерттеп жүріп кеттім,
Қалқамнан келсін деген сөз алдым да.





Пікір жазу